Жастар ісі жөніндегі комитет

ЖАСТАР КОМИТЕТІ ТУРАЛЫ
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының жанында Жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс жасайды. Жастар ісі жөніндегі комитет мемлекеттік жастар саясатын жүргізе отырып, студенттердің оқу-тәрбие, шығармашылық және қоғамдық жұмыстарымен айналысады. Комитеттің негізгі мақсаты – жастардың қоғамдық өмірге белсенділікпен араласуы мен қоғамның жастар туралы көңілге қонымды, объективті пікірінің қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, жастардың көшбасшылық қабілеттерінін арттыру бағытында жұмыс жасайды.
Жастар ісі жөніндегі комитет өз қызметін 2004 жылы 7 шілдеде қабылданған «ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы», ҚР 2007 жылы 27 шілдедегі «Білім беру» Заңдары мен «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан  - 2030» стратегиялық бағдарламасы, ҚР Президенті Н.Назарбаевың Қазақстан халқына әр жылғы жолдаулары және ОҚМПИ ішкі тәртіп Ережесін басшылыққа алады.
Жастармен жұмыс жүргізудің міндеті:
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатын студенттер арасында насихаттау.
- Жастардың әлеуметтік құқығын қорғау.
- Жастардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
- Студент жастар арасында достық, бауырластық және халықтар  бірлігі идеяларын насихаттау.
- Жастардың денсаулығын сақтауды насихаттау.
- Әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге институт тарапынан жеңілдіктерге ұсыну және өзге де жағдайлар жасау.
- Жастардың  бос уақытын тиімді пайдалануына бағыт бағдар беру.
- Талантты жастарға қолдау көрсету.
- Жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, коммерциялық емес жастар ұйымдарымен қарым-қатынасты нығайту.
Жастармен жұмыс жүргізудің мәні мен мақсаты:
-  Жастар ісі жөніндегі комитеттің жұмысы қоғамдық негізде белсенді студенттердің қатысуы арқылы жүргізіледі.
-  Жастармен жұмыс жүргізудің негізгі мақсаты – ОҚМПИ жастарының қоғам өміріне белсенділікпен араласуы мен қоғамның жастар туралы көңілге қонымды, объективті пікірінің қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады.
-  Жастармен жұмыс жүргізу барлық жастар ұйымына ашық болумен қатар әлеуметтік, топтық, ұлттық, идеялық, діни алауыздықтарды айыптай отырып, гуманизм, демократия, адамзаттың ортақ құндылықтары, жастардың адами қалаулары, еріктілік, теңдік, өзін-өзі басқару, жариялылық негізінде қызмет атқарады.
-  Қоғамдық өмірдегі кез келген мәселелердің оңтайлы шешімін іздеуге жастарды тарту.
-  Мемлекеттік жастар саясаты нәтижесінде қоғамдық өмірде орын алған түрлі жағдайларға деген жастардың көзқарасын анықтап отыру.                  
-  Жастар ісі жөніндегі комитет мемлекеттік жастар саясатын жүргізе отырып, студенттердің оқу-тәрбие, шығармашылық және қоғамдық жұмыстарымен айналысады.
Жастар ісі жөніндегі комитеттің барлық жұмыстары мен өткізген іс-шаралары негізінен жастардың өздерінің ұсыныстарымен жасалады.
 
Жастармен жұмыс жүргізу бағыттары:
Танымдық:

- дөңгелек столдар;

 

-ғылыми-практикалық конференциялар;

 

- пәндік олимпиадалар;

 

- пікір-сайыстар.

 

 

 

Мәдени-көпшілік:

 

- мерекелік кештер;

 

- концерттер;

 

- би кештері;

 

- мәдени демалыстар;

 

- КВН сайыстары.

 

 

 

Тәрбиелік:

 

- салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған іс-шаралар;

 

- ұлттық мәдениетті насихаттайтын іс-шаралар;

 

- діни төзімділікке насихаттау;

 

- Отансүйгіштікке тәрбиелейтін іс-шаралар кешені;

 

- әдеби кештер, кездесулер.

 

 

 

Жастар ісі жөніндегі комитет жанындағы құрылған үйірмелер:

 

1.    «Айқын» дебат клубы

 

2.    «Ақ жүніс» қыздар клубы

 

3.    «ОҚМПИ» КТК үйірмесі

 

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ

КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ: Аралбеков Нүркен Бауыржанұлы

 

 

 

МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Сауырбаев Ербол Каналбайұлы
Жұмыс кабинеті: Бас ғимарат, 224 кабинет.
Эл. адрес: OKMPI_Jastar@mail.ru

 

ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

 

Жастар ісі жөніндегі комитет институт жастарын Студенттердің Өзін-өзі басқару жүйесі негізінде ұйымдастырады. Бұл жүйе бойынша студенттік ректор, студенттік проректор және студенттік декандар сайланып, олар оқу орнымыздың қоғамдық өміріне белсене араласады.

 

СТУДЕНТТІК РЕКТОРАТ ҚҰРЫЛЫМЫ:

І. СТУДЕНТТІК РЕКТОР – Шыналиев Асылбек Абдіқадырұлы

 

ІІ. СТУДЕНТТІК ПРОРЕКТОР –Әбдікеримова Күнсұлу Ерболқызы
 

 

ІІІ. СТУДЕНТТІК ДЕКАНАТ:

 

1.    Жаратылыстану факультетінің студенттік деканы – Нарботаева Балжан Қасымқызы

 

2.    Тарих және педагогика факультетінің студенттік деканы – Серікбаева Перизат Әмірханқызы

 

 
3.    Филология факультетінің студенттік деканы – Мұратов Абзал Сәрсенұлы

 

 
4.    Спорт және өнер факультетінің студенттік деканы және жатақхана студенттік Кеңес төрайымы – Наурызбаева Фариза Сапарқызы

Студенттік ректорат жоғарыда айтылған жастармен жұмыс жүргізудің міндет, мәні мен мақсат және бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді. Әр факультеттің Студенттік деканаттың өз құрылымы (команда) болады. Студенттік ректорат Кеңесі аптасында бір рет, сейсенбі күні өтіп тұрады, оған тек Студенттік декандар мен жатақхана студенттік Кеңес төрайымы кіреді. Үлкен іс-шара жоспарланып немесе бір күрделі мәселені талқылау үшін кеңейтілген Кеңес шақырылады, оған Студенттік деканаттардың құрылымы толығымен қатысады.   

 

 

 

2011-2012 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРҒАН ІС-ШАРАЛАР:

1.    29.09.2011–03.10.2011ж., Институттың Өзін-өзі басқару жүйесіне сәйкес сайлау жиналыстары.
2.    04.10.2011ж., «Діни экстремизм және терроризмге жол жоқ» атты кешенді іс-шара.
3.    29.10.2011ж.,ОҚО "Үздік жас спортшы" номинациясының иегері Берік Сарыбаев.
4.    17.11.2011ж., «Халықаралық студенттер күні».
5.    18.11.2011ж., «Үздік бөлме  - Үздік аспазшы» атты жатақханадағы байқау.
6.  29.11.2011ж., Тарих және педагогика факультеті Студенттік деканатының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай,  «Тәуелсіздік туы желбіреген - Қазақстан» атты мерекелік іс-шара.

7.    01.12.2011ж.,«Ғасыр дерті – СПИД пен нашақорлыққа қарсыкүрес» атты іс-шара.

8.    06.12.2011ж., «Шымкентім мақтанышым!» атты арнайы 1 курс студенттеріне экскурсия.
9.    24.10.2011-09.12.2011ж.,студенттер арасында факультетаралық спартакиада.
10. «20 жұлдызды күн – 20 сенімді қадам!» атты Шымкент қаласы бойынша жоғары оқу орындарының салтанатты шеруі.
11. 02.02.2012ж., Елбасының Қазақстан халқына жолдауын насихаттауға арналған ғылыми-әдістемелік конференция.
12.  22.02-25.02.2012ж., Республикалық жалпыұлттық «Бірлік.KZ»форумы. Астана.