25-26.04.2019 ж "Жастық шақ" бояуы Жас суретшілер байқауының Ережесі

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ЖАСТАР ЖЫЛЫаясында «ЖАСТЫҚ ШАҚ БОЯУЫ»

атты республикалық жас суретшілер байқауы

 

25-26 сәуір 2019 жыл

Құрметті  жастар, студенттер!

 

Сіздерді ЖАСТАР ЖЫЛЫ аясындаөтетін «ЖАСТЫҚ ШАҚ БОЯУЫ» атты республикалық жас суретшілер байқауына қатысуға шақырамыз. 

Байқаузаманауи педагогикалық көркем білім беру мәселелерін зерттеп жүрген ЖОО жас ғалымдарының, докторанттар, магистранттар, студенттер және арнайы колледж студенттерінің шығармашылық тәжірибе алмасуы мақсатында ұйымдастырылып отыр.

   Байқау барысында Шымкент қаласының демалыс орындары мен алаңдарында табиғат аясындағы пленэр ұйымдастырылады.

Байқауға ұсынылатын жұмыс түрлері:

- Қатысушы үміткер өзімен бірге бір-екі шығармашылық жұмысын алып келуі міндетті;

- Табиғат аясында шығармашылық жұмыс орындау (кенеп, майлы бояу, акварель, гуашь)

Байқауға қатысу үшін өтінім (тіркелген үлгі бойынша) электрондық пошта арқылы немесе төмендегі мекенжайда 2019 жылдың 20сәуірінедейін қабылданады. 

 

Өтінімді толтыру үлгісі

 

Тегі, аты-жөні

 

Оқу орны

 

Мамандығы, тобы

 

Оқу орнының атауы

 

 Мекенжайы

 

Телефоны  (үй немесе ұялы)

 

E-mail: 

 

 

Құжаттар төмендегі мекенжайда қабылданады:

160000, Шымкент қаласы,

А.Байтұрсынов көшесі, 63, ОҚМПУ, Кәсіптік-шығармашылық факультеті,                                 Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасы. 110,109- бөлме.  

Тел.: 8-701-178-42-08, 8-701-403-48-09, 8-775-459-77-90,  Deu-me@mail.ruaidai_67_13@mail.ru,Gulnar_105@mail.ru

 

Ұйымдастыру алқасы

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ЖАСТАР ЖЫЛЫ аясында «ЖАСТЫҚ ШАҚ БОЯУЫ»

атты республикалық жас суретшілер байқауының

бағдарламасы

 

25сәуір 2019 жыл

9.00 – 9.30  Шымкент қ., А.Байтұрсынов көшесі, 13, ОҚМПУ бас ғимараты 1 қабат фойеде симпозиумға  қатысушыларды тіркеу

9.30–10.00 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті жайлы презентация

Алғы сөз.

10.00 - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетініңректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбай Аяшев.  ОҚМПУ, бас ғимарат, 231

10.20–11.00 Кәсіптік-шығармашылық факультетінің студенттерімен оқытушы профессор құрамының«Ұлы дала топырағын ұлықтайық» атты шығармашылық көрмесін тамашалау. Бейнелеу өнері мұражайы.

11.00–19.00 «ШЫРАЙЛЫ ШЫМҚАЛА» атты докторанттар, магистрантар, студенттер және арнайы колледж студенттері арасындағы табиғат аясындағы пленэрлік жұмыс.Шымкент қаласының демалыс орындарында ( Дендросаябақ, Тәуелсіздік саябағы, Наурыз алаңы, Абай саябағы, т.б.) үміткерлердің таңдауы бойынша өткізіледі. 

13.00 - 14.00  Түскі ас. А.Байтұрсынов көшесі, 63, ОҚМПУ, асхана

18.00 – 20.00  Салтанатты кешкі ас. Мейрамхана

 

26сәуір 2019 жыл

8.30 – 9.00  Таңғы ас. А.Байтұрсынов көшесі, 63, ОҚМПУ, асхана

9.00–13.00 «ШЫРАЙЛЫ ШЫМҚАЛА» атты докторанттар, магистрантар, студенттер және арнайы колледж студенттері арасындағы табиғат аясындағы пленэрлік жұмыс.Шымкент қаласының демалыс орындарында ( Дендросаябақ, Тәуелсіздік саябағы, Наурыз алаңы, Абай саябағы, т.б.) үміткерлердің таңдауы бойынша өткізіледі. 

13.00 - 14.00  Түскі ас.

14.00 - 16.00  Облыстық Бейнелеу өнері ммұражайында ЖАСТАР ЖЫЛЫ аясында «ЖАСТЫҚ ШАҚ БОЯУЫ»атты республикалық жас суретшілер байқауын қорытындылау

 

 

 

Қонақтарды шығарып салу.

 

 

 

 

 

 

ЖАСТАР ЖЫЛЫ аясында «ЖАСТЫҚ ШАҚ БОЯУЫ»

атты республикалық жас суретшілер байқауы

 ЕРЕЖЕСІ

 

 

Байқау мақсаты:

·       жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу;

·       бейнелеу өнері талант иелерін анықтау;

·       дарынды жастарға қолдау көрсету.

Байқау  жанрлық сипаттары:

Байқау  кескіндеме саласы бойынша үміткерлерді қабылдайды:

·       Кескіндеме; (қағаз, кенеп  50х70, материалдар таңдау бойынша)

Байқау  талаптары:

Байқау2019 жылы 25-26сәуір күндері сағат 10.00 – 17.00 аралығында Шымкент қаласының демалыс орындарында (Дендросаябақ, Тәуелсіздік саябағы, Наурыз алаңы, Абай саябағы, т.б.),  өтеді

26сәуір 2019 жылыШымкент қаласы, Бейнелеу өнері мұражайындажас суретшілердің байқауын қорытындылау

-  Байқауға қатысу құжаттары  2019жылдың 20сәуіріне дейін қабылданады.

- Байқау ОҚМПУұйымдастырушылары жасаған ереже бойынша өткізіледі.

- Байқауға бейнелеу өнері саласы бойынша ЖОО докторанттары,магистрантары, студенттері мен арнайы колледж студентері қатыса алады.

 - Орындалған шығармалар бойынша көрме ұйымдастырылады және каталог шығарылады.

Жеңімпаздарды марапаттау:

  Бас жүлде  – біреу  (150 000 теңге)

  І-орын  –  біреу (100 000 теңге)

  ІІ-орын   –  біреу (70 000 теңге)

  ІІІ-орын   –   екеу (50 000 теңге-100 000 тенге)

  Дипломанттар – он(20 000 тенге -200 000 тенге)

          Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. (30 000тенге)

         Қажетті құралдар (кенеп 50х70, қағаз) 150 000 тенге

Салтанатты кешкі тамақ  (200 000 тенге)

Байқау қаржылық мәселелері:

 - Байқауды ұйымдастыру шараларының қажетті құралдар (кенеп 50х70, қағаз) ұйымдастырушылар  тарапынан, ал материалдар мен бояу, қарандаш т.б. заттар қатысушылар тарапынан шешіледі.

- Байқауға қатысушылардың жол шығыны, тамақтануы қатысушы тарапынан, жатынжайы, сый-сияпаттары ұйымдастырушылар жағынан жүзеге асырылады.

Байқауға қатысу үшін тапсырылатын құжат:

          1. Қатысушының өтініші.

          2. Орындайтын бағдарламасы.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

160000, Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 63, ОҚМПУ, Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасы, Тел.: 8-701-178-42-08,8-701-403-48-09, 8-775-459-77-90, Deu-me@mail.ruaidai_67_13@mail.ru,Gulnar_105@mail.ru

 

 

Жаңа пікірді жазу