10-11.10.2019 ж "Домбыра құдіреті" дәстүрлі ән, күй байқауының Ережесі

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

 

Республикалық «Домбыра құдіреті» жас орындаушылар байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

Байқаудың  мақсаты:

● жас талант иелерін анықтау;

● дарынды жастарға қолдау көрсету;

● қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне қызуғушылығын арттыру және насихаттау;

● жас талант иелерін университетке оқуға шақыру.

 

Байқаудың жанрлық сипаттары:

Байқау төмендегі жанрлар бойынша үміткерлерді қабылдайды:

● жеке аспапта шығарма орындау (домбыра, сырнай, қобыз, қылқобыз, т.б.);

● дәстүрлі ән (домбырамен ән, терме айту);

 

Байқаудың талаптары:

1. Байқау 2019 ж. 25 қарашада Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің акт залында өткізіледі. (Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 13)

2. Байқау құжаты 2019 ж. 20 қарашаға дейін қабылданады.

3. Байқау ОҚМПУ тарапынан ұйымдастырушылар жасаған Ереже бойынша өткізіледі.

4. Байқауға педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері, музыкалық колледждердің бітіруші студенттері және 11-сынып оқушылары қатыса алады.

5. Байқауда күйшілік өнер жанры бойынша: әр орындаушы  домбыра,  қобыз, қылқобыз, сырнай, т.б. аспаптарда бір шығарма және декко стиліндегі бір шығарманы өз таңдауы бойынша (фонограмма (минус) немесе фортепианоның  суйемелдеуімен (концертмейстермен) бір шығарма орындайды.

6.  Дәстүлі ән және терме айту жанры бойынша: бір дәстүлі ән және бір терме. 

7. Орындалатын шығармалар тақырыбы еркін.

  8. Әр орындаушы бір немесе бірнеше жанрда қатысуға өтініш білдіре алады.

  9. Аспапта орындаушылар (өздері таңдаған аспапта) және ән айтушылар жанды дыбыста орындауы тиіс.

 

Байқаудың  сый-сияпаттары:

«Күйшілік өнері» бағыты бойынша:

Бас жүлде – біреу

І орын – біреу

ІІ орын  – екеу

ІІІ орын  – үшеу

 

Ынталандыру сыйлықтары:

«Шебер орындаушы»

«Талапты күйші»

«Төкпе күй шебері»

«Шертпе күй шебері»

 

«Дәстүрлі ән» бағыты бойынша: 

Бас жүлде (әр жанр бойынша) – біреу

І орын (әр жанр бойынша) – біреу

ІІ орын (әр жанр бойынша) – екеу

ІІІ орын (әр жанр бойынша) – үшеу

 

Ынталандыру сыйлықтары:

«Үздік термеші»

«Үздік дәстүрлі әнші»

«Көрермен көзайымы»

«Жас орындаушы»

 

Қазылар алқасы төмендегідей ерекшеліктерді ескеріп, бағалайды:

а) Қатысушылардың орындаушылық шеберлігі, сахнада өзін-өзі ұстауы, киім үлгісі.

ә) Шығарманы таңдауы, тәрбиелік мазмұны, мағынасы. 

 

Марапаттау рәсімі:

Байқау жеңімпаздарын ұйымдастыру комитеті бекіткен қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасы қандайда жүлдені бермеуге, жүлделі орынды екі орындаушының арасында бөлуге құқылы. Байқау соңында барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

 

Байқаудың қаржылық мәселелері:

Байқауды ұйымдастыру шараларының барлық шығыны ұйымдастырушылар тарапынан шешіледі.

Байқауға қатысушылардың жол шығыны, тамақтану, қонақжайы жіберуші немесе қатысушының өз тарапынан жүзеге асырылады.

 

Байқауға қатысу үшін тапсырылатын құжаттар:

* қатысушының өтініші

* тиісті мекемелердің жолдамасы;

* 13×18 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреті;

* байқауға ұсынылатын күйлердің, әндердің бағдарламасы, авторы;

* жеке куәлігінің көшірмесі

 

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады:

160000, Шымкент қаласы,

А.Байтұрсынов көшесі, 63

ОҚМПУ, Музыкалық білім кафедрасы

Кафедра меңгерушісі Досбағанбетова Алена Төребекқызы, тел.: 8-702-792-77-31.электрондық пошта:aliya.tore@mail.ru

Аға оқытушы Арыстанова Шолпан Сабитқызы, тел.: 8-747-486-59-45 

 электрондық пошта: mb.okmpi@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша  1

 

 

Өтініш  формасы

 

 

 

  Қатысу

шының аты-жөні

 

Ту

ған   жылы

 

Қала/

аудан

 

Оқу орны

ның атауы мектеп,

сынып

 

Мекенжайы, тел.

 

Қатысу

бағдарламасы

 

Жетекшінің

аты-жөні

 

Жетекшінің немесе өзінің

байланыс   телефоны

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа пікірді жазу