13-14-15.11.2019 ж. "Жас Өркен" студенттік театрлар байқауының Ережесі

«Жас өркен»республикалық студенттік театрлар байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

-2019 жылдың «Жастар жылы» жариялануына орай және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын жүзеге асыру;

-Студент-жастар арасында ұлттық рухани кұндылықтар мен   өнерді  насихаттау;

- Дарынды жастарды айқындау және қолдау көрсету;

- Студенттердің мәдени-эстетикалық талғамын арттыру:

- Жоғары оқу орындарындастуденттік театрдың маңыздылығын арттыру.

Байқаудың шарттары:

- Қойылым тақырыбы: Жастар бойындағыОтансүйгіштік, жаңашылдық, өмірге құштарлық, адалдыққасиеттерін көрсету;

- Елімізге белгілі драматургтардың немесе жаңа дарамалық шығарамаларды сахналау;

-Көркемдік талаптар мен сахна әдебін сақтау;

- Қойылымның ұзақтығы 40-50 минут;

- Көрсетілген уақыттан аспау;

- Тақырыптан ауытқымау;

- Байқау жеңімпаздары : Бас жүлде ( І - орын), ІІ - орын, ІІІ - орын иеленіп, 

 арнайы  сыйлықтармен марапатталады.

-         Ынталандыру сыйлықтары: «Үздік актер», «Үздік қойылым», «Үздік режиссер»

Қатысушылардыңөнеркөрсетутәртібі:

-         Жеребе тарту  арқылы реттік номерлер бекітіледі, сол бойынша театрлар өнер көрсетеді;

-          Өнер көрсету реттілігі  байқау аяқталғанша сақталады.

 Өтініш беру шарты, ұйымдастырушылар арасындағы екі жақты байланыс:

 - Байқауға  қатысуға ниет білдіруші студенттік театр алды ала жіберілетін ақпараттық хатта көрсетілген мерзімде өтініш беруі тиіс.

- Өтініште театр менқойылым атауы, авторы, режиссері туралы мәліметтер қамтылады.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау:

әділқазылар алқасы өнер адамдары мен жоғары оқу орындары қызметкерлері арасынан шақырылады;

- әділқазылар алқасы балдық жүйе бойынша жүлделі орындарды анықтайды.

 Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы және байланыс телефоны:

160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Байтұрсынов көшесі, 13-үй, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті.

Тел.:87023164227, 87025966830

Электронды пошта: okmpu_konkurs@mail.ru

 

 

Жаңа пікірді жазу