04.12.2019 "Дарын толғауы" мүшәйра Ережесі

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің  ұйымдастыруымен «Жастар жылы» аясында 2019 жылдың 4 желтоқсанында өткізілетін «ДАРЫН ТОЛҒАУЫ» атты жастар арасындағы республикалықжазба ақындар мүшәйрасының

 

 Е Р Е Ж Е С І

I  Мүшәйраның мақсаты:

 

· Жастардың бойындағы отансүйгіштік қасиетті арттырып, туған даласына, туған тіліне, өз ұлтының рухани қазыналарына деген көзқарастары мен сүйіспеншіліктерін қалыптастыу;

·  Шарттар мен талаптар арқылы оларға табиғат сыйлаған ақындық дарын-қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік жасау;

·  Егеменді еліміздің жастарын биік адамгершілікке, жеке тұлға етіп қалыптастыруға, болашағын бағамдай алуға тәрбиелеу;

·       Бәсекеге қабілетті жастардың бейнесін насихаттау. 

 

IIМүшәйраның шарттары мен талаптары:

 

1.  Өлеңдер мен өтініштер 2019жылдың 23 қарашасына дейін қабылданады.

2.  Мүшәйраға қатысатын ақындар 2 тақырыпта өлең жіберуі міндетті.

3.  Ұсынылатын конкурстық жұмыстардың тақырыбы шектелмейді.

4.  Конкурсқа 16-дан 35 жасқа дейінгі авторқатысуға құқылы.

5.  Конкурс аясында авторлардың 2018 жылға дейін жарияланған шығармалары қарастырылмайды.

6.  Авторконкурсқақатысуүшінжұмыстыжібереотырып: 

-  осы жұмысқа авторлық құқықтың болуына кепілдік береді; 

-  ұйымдастырушының туындыларды (толық және/немесе ішінара) бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда, интернет-ресурстарда жариялауына рұқсат береді.

7.  Мүшәйраға мәтін көлемі 7 шумақтан кем емес (А-4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта)жұмыстар жіберіледі.

8.  Авторлар өлеңдері мен өзі туралы мәліметті басып шығарылған түрде, сондай-ақ CD-дискіге немесе флеш-жинақтауышта мына мекенжай бойынша: Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, №13 үй, индекс 160012, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, «Дарын толғауы» деген белгімен жазылып жіберіледі. 

Мәлімет

·     Ұйымдастырушы алқаның электронды мекенжайыakjaiyk_91@mail.ru.

·     Мүшәйраға қатысушы жастардың толық аты-жөні, оқу орны немесе жұмыс орны, туған жылы, айы, күні.

·     Мекенжайы, байланыс телефондары.

IIIМүшәйраның қазылар алқасы:

1.  Мүшәйраның жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

2.  Конкурсқа әдепсіз сөздерді қамтитын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар жіберілмейді.

3.  Бағалаудың негізгі критерийлері: өлеңнің ұйқасы мен мағынасы, тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуы, ойдың дербестігі.

Қосымша ақпарат алу үшін:

8701-424-31-14; 8702-824-99-01 Жаппарқұлова Анар

Жаңа пікірді жазу