ОҚМПИ Көшбасшысы анықталды.

21.04.2016 ж Студенттік ректораттың ұйымдастыруымен дәстүрлі факультетаралық "ОҚМПИ Көшбасшысы" интеллектуалды ойыны өткізілді. Алдын ала өткізілген іріктеу турларынан іріктелген жеті үміткер ақтық ойынға жолдама алды. Студенттік ғылыми істер жөніндегі проректордың орынбасарлары атап айтқанда Жұмаділда Дина және Құрманбекова Камшат іс шараның жоғары деңгейде өткізілуіне атсалысты. Көшбасшыны анықтауға төрешілік етуге ғылыми істер жөніндегі проректор Ғ.Исаев мырза және ғылым бөлімінің басшысы Ж.Ибрагимова, жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Ы.Атығаев қатысты.

"КӨРКЕМ" қыздар клубы облыстық "Жастар ресурстық орталығы" КММ мен бірлесіп жиын өткізді.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасынң "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің және ОҚМПИ "Көркем" қыздар клубының ұйымдастыруымен "Жастар мен жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің және аутодиструктивті оқиғалардың алдын алу" тақырыбында семинар - тренинг ұйымдастырылды. Жастар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, жасанды түсік жасауды болдырмау, аналық жауапкершілікті ұғындыру сияқты өзекті мәселелер семинардың басты  мақсаты ретінде студенттерге түсіндірілді.

Студенттер зиянды есірткі және тәртіп жөніндегі мамандармен кездесті.

13.04.2016 ж., сағ.15.00 "Есірткінің адам ағзасына зияны және оған қатысты қылмыстардың алдын алу жолдары" атты семинар оқу орнымыздың 317 дәрісханасында 200 студен және 17 профессор оқытушылардың қатысуымен өткізілді.

Таза қала акциясы өткізілді

07.04.2016 ж. Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қаланың экологиялық әрі эстетикалық  келбетін көрікті ұстауға қатысты әлеуметтік іс-шараларға үнемі белсене қатысқаны, жастардың елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға айрықша үлес қосқаны үшін ОҚМПИ Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Ырысалды Қанатұлы Атығаев «Белсенді жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы» номинациясымен марапатталды.

Үздік спикер

Халықаралық бизнес университетінің президенті Кенжеғали Сағадиевтың құрметіне арналған VI республикалық пікірсайыс турнирінде ОҚМПИ «БОЛАШАҚ» пікірсайыс клубының мүшесі 121-15 тобының студенті Тұрар Динараны «ҮЗДІК СПИКЕР» ЛД форматы бойынша бас жүлдені иеленуімен құттықтаймыз!

Зор денсаулық, оқуда табыс, бақ-береке тілейміз!

"Дін-зайырлы мемлекеттің негізгі және тұрақтылығы"

 ОҚМПИ ақпараттық насихаттық тобының мүшелері және "Табиғат тау клубы" мен бірлесіп оқу орнымыздың №3 студенттер үйінде АНТ жұмыс кестесіне сәйкес "Дін-зайырлы мемлекеттің негізгі және тұрақтылығы" тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге арнайы "Әлеуметтік бастамалар орталығының" теолог маманы Абулхаиров Исмаил,"Табиғат тау клубы" мүшесі Байзахова Сабира, ОҚМПИ АНТ төрағасы Ә.Тұрашбеков,Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Ы.Атығаев және студенттер үйінің тәрбиешісі Н.Жақабай, студенттер -70 студент жастар қатысты

ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕТІН ИДЕЯЛАР

 28 ақпан мен 3 наурыз аралығында   Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында ОҚМПИ белсенді студенттері «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингтен өтті.Елбасы кітапханасының білім жобасы жастарға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының оқу курсын ұсынды.Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Жапсарбай Қуанышев студенттерді семинар-тренингті аяқтауларымен құттықтап, алдағы еңбектеріне сәттілік тіледі.

Жастар-Ұлы Дала ертеңі атты шоу концерті өткізілді

Жастар-Ұлы Дала ертеңі

ОҚМПИ жастар саясаты және мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен осындай тақырыпта шоу концерт өтті. Мәдени шараға бастамашы болған студенттік өзін өзі басқару ұйымы. Концертке көңілді тапқырлар клубы командасы да қатысып, ұтқыр әзілдерімен көрермен көңілін көтерді. Сондай-ақ  спорт факультетінің шәкірттері де шеберліктерін танытты. Шоу концерт  жастардың бойында отаншылдық сезімін тереңдетуді мақсат  тұтты. Сонымен бірге  институттағы  оқу үздіктерін, белсенді әрі өнерлі студенттерді көпке танытуды көздеді.

Тәуелсіздігіміздің мерейлі 25 жылдығына арналады.

            

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері арасындағы, факультетаралық «Тәуелсіздікке 25 жыл»  тақырыбында ОҚМПИ «Жас Отан» ЖҚ бағдарламасына сәйкес волейбол ойынынан жарыс өткізілді.

Таңғы жаттығу өткізілді

 ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Атамқұлов бекіткен жоспарға сай 2016 ж 3 ақпан күні жоғары оқу орындарында «Таңертеңгілік жаттығу» өткізу мақсатына байланысты аталған күні сағ. 9.30-да ОҚМПИ бас ғимаратының Студенттер алаңы мен 306-дәрісханасында өткізілген жаттығу 450 студент, институттың «С» ғимаратында 70 студент қатысты. Арнайы спорт мамандарымен бірге ұйымдастырылған таңғы жаттығуға өз деңгейінде барлық оқу топтарын қамту арқылы өткізілді. 

Беттер