«Көркем» қыздар клубы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты

«Көркем» қыздар клубы

Клуб мақсаты: Институтымыздағы  студент қыздарымыздың дүниетанымы мен білімін, руханият көкжиегін кеңейту мақсатында іс- шаралар жүргізу.

Клуб міндеті: Студент қыздардың қазіргі заман талабына сай саналы, білімді, инабатты болмысының қалыптасуына ықпал жасау.Сол орайда жұмыс бағытын үшке бөліп қарастырдық. Қоғамдық іс- шаралар, мәдени іс-шаралар және қайырымдылық іс- шаралар негізінде клуб мүшелерімен жұмыс істеу көзделеді.

Клуб ережесі: Анкета толтыру барысында қалаған бағытын белгілеп көрсету, курсқа белгіленген уақыттан кешікпей келу, жүктелген тапсырмаларды орындау, жауапкершілікпен қарау, курс жетекшісі және курс мүшелерімен жақсы қарым-қатынаста болу, өз мамандығы бойынша пәндерін қалдырмау.

«Көркем» қыздар клубының нәтижесі: Әрбір студенттің өмірге деген көзқарасын өзгерту. Қыздардың бойына білімге, мәдениеттілікке, адамгершілікке және еңбекқорлыққа деген қасиеттерді дарыту. Патриоттық сезімін ояту.

«Көркем» қыздар клубының жұмыс бағыты:

  • English world бағыты
  • InfoMatrixбағыты
  • Көшбасшылар мектебі:
  • Көшбасшылар

2. Шешендік өнер

  • Іс-шаралар ұйымдастыру бағыты
  • Қолөнер бағыты
  • Дәмді әлем бағыты
  • «Жүректен – жүрекке» қайырымдылық бағыты

English worldбағыты

Мақсаты:лбасымыздың «Қазақстан-2030» Стратегиясында айтып кеткеніндей еліміз үштұғырлы тіл саясатын ұстанғандықтан, қазақ және орыс тілдерімен қатар ағылшын тілін де жетік меңгеруіміз керек. Сол себепті әрбір білімгер ағылшын тілін оқып үйренуге міндетті. English world бағытының мақсаты білімгерлердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыра отырып, еркін сөйлей алатын дәрежеге жеткізу.

Міндеті: Сабақ барысында қыздарға ағылшын тілінің маңыздылын түсіндіру. Жаңа технологиялар мен көрнекілік құралдарды қолдана отырып, сабақ жүргізу. Тек түсіндіру емес, сонымен қатар жазу, оқу, тыңдау және сөйлеу қабілеттілігін арттыру.

Plan:

First lesson:                                        Second lesson:

Warming-up                                       Tongue-twister

 Introducing with each other                 Check the home work

Grammar                                               Vocabulary/Speaking

Topic                                                      New topic

Doing exercises  Doing exercises 

VocabularyVocabulary

Speaking                                                 Play the game

Home work                                             Home work

InfoMatrixбағыты

Мақсаты: Жаһандану дәуірінде, яғни технологиялардың әбден дамыған кезеңінде оларды білмеу, қолдана алмау жиі орын алуда. Сол себепті мақсатымыз білімгерлердің компьютерді жетік меңгерулеріне көмектесу.

Міндеті: Жеңілден күрделіге қарай жылжу. Яғни бастапқы қарапайым программалардан бастап күрделі программаларға дейін қамту. Қазіргі таңда көп қолданысқа ие программалар түрін меңгеру.

Жоспары:

1. Сабақтың тақырыбы: Word-тың графикалық мүмкіндіктері

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Word-тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету.
  • Оларды жылдамдыққа жазып үйрету.
  • Мәтіндік құжатқа графикалық бейне  кірістіруді үйрету.
  • Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, электронды және  деңгейлік тапсырмалар

2. Сабақтың тақырыбы: Power Point- тың графикалық  мүмкіндіктері

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Power Point -тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету.
  • Оларға терезе элементтерін, мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдануды үйрету.
  • Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, электронды және  деңгейлік тапсырмалар

3. Сабақтың тақырыбы: Pro Show - дың графикалық  мүмкіндіктері

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Pro Show-дың негізгі мүмкіндіктерін көрсету және қосымша ақпараттар мен білімдерін жетілдіру.
  • Суреттерді қолдана отырып видео жасауды және оған мәтіндер мен дыбыстарды қосуды үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, электронды және  деңгейлік тапсырмалар

4. Сабақтың тақырыбы: Photoshop -тың графикалық  мүмкіндіктері

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Photoshop-тың негізгі мүмкіндіктерін үйрету.
  • Суреттерді сәндеу, түрлендіру, безендіру.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, электронды және  деңгейлік тапсырмалар.

Көшбасшылық

Мақсаты: Білімгерлердің бойында басқару, ұйымдастыру, адамдармен қарым-қатынас жасай білу және түрлі дәрежедегі мәселелерді шеше білу қабілеттерін дамыту.

Міндеті: Болашақ көшбасшыларды дайындап шығару.

Жоспары:

1. Сабақтың тақырыбы: Көшбасшылық жайлы жалпы түсінік

Сабақтың мақсаты:

-Көшбасшылық жайлы жалпы түсінік

- Мәні мен маңызы

-Көшбасшының бойында болу керек қасиеттері

- Тақырыпқа байланысты ойын ойнату

  • Тапсырма беру

2. Сабақтың тақырыбы: Тайм-менеджмент (уақытты басқару). Билл Гейтс.

Сабақтың мақсаты:

-Уақытты тиімді пайдалануды үйрету

-Жылдық, айлық, апталық және күндік жоспар құруды уйрету

-Тарихта ізін қалдырған тұлғамен танысу

-Сабақ барысында әр білімгер өз жоспарын құрады

-Тапсырма беру

3. Сабақтың тақырыбы: «Мен үлкен компания басшысы болсам не істер едім?» тақырыбында пікірталас жүргізу.

Сабақтың мақсаты:

-Пікірталас жүргізе отырып, басшы лық қасиеттерді қарастырып, тәжірибе жүзінде іске асыру

-Адамдарды артынан ергізе алатындай бір тұлға қалыптыстыру

-Жан-жақты болу

-Стратегиялық ойлау қабілетін дамыту

-Бір елді басқарып, қиын қыстаудан өте білген, үлкен соғыстардың алдын алған ірі тұлға -Махатма Гандимен танысу

-Тапсырма беру

4. Сабақтың тақырыбы: Проектпен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

-Проект туралы жалпы түсінік

-Қоғамға пайдалы проекттер құру

-Институт ішінде проекттер жарысын ұйымдастыру

-Үздік проекттерді іске асыру

Шешендік өнер

Мақсаты: Білімгерлерді көркем сөйлеуге, өз ойын ашық жеткізе білуге және көпшілік арасында өзін ұстай білуге баулиды.

Міндеті: Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру, барлық қаракөз бауырларымыздың өз ана тілінде сөйлеуін қамтамасыз ету.

Жоспары:

1. Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнер тарихына шолу

Сабақтың мақсаты:

-Қазақ халқының шешендік өнері жайлы шолып өту

-Шешендік өнердің сырын ашу

-Тақырыпқа байланысты видеолар көру

-Тапсырма беру

2. Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнер талаптары. Қазақ халқының шешендері.

абақтың мақсаты:

-Сөзге-жүйрік, тілге-шешенбола білудің жолдары

-Шешендік өнерді дамыту

-Ойындар

-Өлең шығару

-Тапсырма беру

3. Сабақтың тақырыбы: Шешен болудағы ана тілдің маңызы қандай?

Сабақтың мақсаты:

-Видео: Ана тілің-арың бұл!

-Шешен болудағы ана тілдің маңызы жайлы пікірталас

-Білімгерлер бойында патриотизмді арттыру

-Тапсырма беру

4. Сабақтың тақырыбы: Проект бұл не?

Сабақтың мақсаты:

-Түрлі проектер ойластыру

-Проектпен жұмыс

-Проектті жүзеге асыру

-Үздік проектті марапаттау

  Іс-шаралар ұйымдастыру 

Мақсаты: Білімгерлердің бос уақытын тиімді өткізу. Қыздарымыздың бойында ұйымдастыру, жан-жақты болу қабілеттерін арттыру. Студенттік өмірді қызықты да мәнді етуге көмектесу.

Міндеті: Институт аралық іс-шараларға ат салыса қатысу. Түрлі мәдени, қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастыру.

Жоспары:

1‑апта:    Іс-шараның аты: «Сәлем»

Мақсаты: Клуб мүшелерімен танысу

2‑апта:Іс-шараның аты: « Голубой экран» фильм көру кеші.

Мақсаты: Терең мағыналы фильм көрсету арқылы студент қыздардың дүниетанымын кеңейту, кештерін пайдалы өткізуге себепкер болу

3-ші апта:   Іс-шараның аты: «Қазына» ойыны

Мақсаты: Студенттердің уақытын қызықты өткізу, бір топта жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа үйрету

4-ші апта:    Іс-шараның аты: «Ас болсын!» қайырымдылық жәрмеңкесі

Мақсаты: Студенттерді қайырымдылық жасауға шақыру, ұжымдық жұмыс істеуге баулу. Қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен ақшамен жағдайы төмен бір отбасын азық- түлікпен қамтамасыз ету.

Дәмді әлем бағыты

Мақсаты: Әр қыз-болашақ ана, бір шаңырақтың келіні, отбасы ұйытқысы. Үй ішіндегі барлық тірлік қыз-келіншектердің мойнында. Сол себепті қыздарымыз өз жауапкершіліктерін ең жақсы дәрежеде орындауға міндетті. Біздің Дәмді әлем атты курсымыз қыздарымызға осы мүмкіндікті береді.

Міндеті:Қазақ халқының ұлттық тағамдарын дайындауды үйрету. Басқа да түрлі тағамдарды даярлау.

Жоспары:

1‑апта:    «Пицца»

Керекті заттар: Су, ашытқы, өсімдік майы, ұн,тұз, майонез, кетчуп, сыр, шұжық, қызанақ, жүгері.

Сұхбат тақырыбы: «Сәлем сөздің‑атасы».

2‑апта:«Борек» түрік тағамы.

Керекті заттар: Юфка, сыр немесе картоп, айран, сүт, жұмыртқа, сода, тұз, өсімдік майы, күнжіт.

Сұхбат тақырыбы: «Этика және эстетика жайлы түсінік»

3-ші апта: «Апельсинді пирог»

 Керекті заттар: Апельсин, жұмыртқа,ұн, маргарин, қант, сүт, сода, қант ұнтағы.

Сұхбат тақырыбы: «Тазалық»

4-ші апта:   «Торт»

Керекті заттар: Жұмыртқа, қант, ұн, қамыр қопсытқыш, крем.

Сұхбат тақырыбы: «Қонақ күту әдебі»

Қолөнер бағыты

Мақсаты: Қыздарымызға қазақ халқының салт дәстүрін үйрете отырып, еңбекқорлыққа, шеберлікке баулу.

Міндеті: Қыздардың қолөнерге деген қызығушылығын ояту. Тігуден бастап тоқуға дейін жетік меңгеру.

Жоспары:

1‑апта: Білезік жасауды үйрену.

 Сұхбат тақырыбы: Қазақ халқының  қолөнерімен таныстыру. Салт дәстүрлерімізге шолу.

2‑апта: Тоқу

Сұхбат тақырыбы:Этика және эстетика жайлы түсінік

3-ші апта: Тоқу

Сұхбат тақырыбы: Тазалық

4-ші апта: Бисермен үй бұйымдарын өрнектеу

Сұхбат тақырыбы: Ысырапшылдық

  «Жүректен – жүрекке» қайырымдылық бағыты

Мақсаты:Білімгерлерді мейірімділікке, қайырымдылыққа,  көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуге, бауырмашылдыққа баулу. Жүректерінде мейірім шуағын ұялату.

Міндеті:Білімгерлердің бойына қайырымдылық сезімін дарыту,іс жүзінде көмек көрсете алуға үйрету.

Жоспары:

1‑апта: Институт аралық жәрмеңке ұйымдастыру. Жетім балалар үйіне бару.

2‑апта: Қарттар үйіне бару және де денсаулығы нашар қарияларымызға үй шаруасында жәрдемдесу.

3-ші апта: Институт аралық жәрмеңке ұйымдастыру. Тұрмысы нашар отбасыларға көмек көрсету.

4-ші апта: «Киіммен мұқтаждарға» атты іс-шара аясында студент жастардан жиылған қажетсіз таза киімдерді киімге мұқтаж жандарға сыйлау.