"Саналы ұрпақ" жобалық кеңсесі

«Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі

 

2019 жылдың 23 қаңтарынан жұмыс жасайды.

 

Жобалық кеңсенің жанынан құрылған «Саналы ұрпақ» студенттік клубы жұмыс жасайды. Клубты Жаратылыстану факультетінің 3 курс студенті Балтабай Ербол басқарады. Отырар ауданында 1999 жылы  3 ақпан күні дүниеге келген. Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының белсенді мүшесі.

Балтабай Ербол Нұрсұлтанұлы

 

Миссия және стратегия

1.      2018-2020 жылдарға арналған «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі (бұдан әрі – кеңсе) миссиясы: сыбайлас жемқорлықтан азат Қазақстанда тұратын патриот және бәсекеге қабілетті жастар.

2.      Жобалық кеңсенің мақсаты – білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру.

3.      Жобаның Стратегиясы- елдегі білім беру ұйымдарында озық тәжірибені одан әрі пайдалану мақсатында пилоттық бағыттарды апробациялауға және іске асыруға негізделген.

Жобаның міндеттері

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

Мақсат: Студенттердің сыбайлас жемқорлық белгілерін қабылдамайтын бөлігін ұлғайту  

   

Міндеттері: 

1) Білім саласының барлық субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын көтеру

2) Білім саласы субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын өсіру

3) Студенттерді және оқытушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жетекшілеріне айналдыру

 

  1. Негізгі проблемаларды талдау. Қазіргі қоғам студенттердің кәсіптік даярлығына білім талаптар қойып отыр. Қалыптасып отырған жағдайда қызметтің алуан түрлерін сыбайлас жемқорлыққа бой алдырмай атқару қажеттігі, тұлғаның өз қызметінің мақсаты мен оның әлеумет үшін салдарын түсінуі өзекті. Бұл білім беру процесінің маңызды мақсаттарының бірі болашақ мамандардың санасына кез келген кәсіптік және жеке міндеттерін шешу кезінде сыбайлас жемқорлықты қабылдамау қағидатына негізделген ойды сіңіруді білдіреді. Тиісінше, сыбайлас жетқорлыққа қарсы мәдениет жағдайында адам қызметінің ерекшелігін ескеретін мәдениеттің ерекше түрін қалыптастыру қажеттігі туындайды. «Жас кәсіпқойлар қоғамы» Республикалық ҚБ Еуропа Одағы қаржыландыратын «Жоғары білім сапасына қатысты шешімдер қабылдау процесіне қатысатын Қазақстан жастарының әлеуетін көтеру» жобасы аясында қазақстандық студенттер арасында жоғары оқу орынларындағы сыбайлас жемқорлық бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 55% жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық бар екендігін растады, бұл ретте студенттердің айтуынша, емтихан немесе сынақ үшін пара алу кең тараған. Сондай-ақ, кітап немесе оқу материалдарын сатып алу, қызмет көрсетуді талап ету секілді бопсалаушылық түрлері де бар. Жатақханаларда орын бөлудеде ашықтық жоқтығы орын алған. «Егер студенттер сыбайлас жемқорлық туралы хабардар етсе, әкімшілік қандай шаралар қолданады?» деген сұраққа көптеген респонденттер бұл жайында біреудің шағымданғаны туралы білмейтіндерін (46,7%) айтса, бірқатары жауап беруге қиналған (23%), ал 9% әкімшіліктің мұндай хабарды елемейтінін атап көрсетті, 9% бұл жайында талқыланғанымен, кейіннен аяқсыз қалатынын хабарлады, тек 12% ғана басшылықтың пара беруге мәжбүрлеген оқушыларды қызметтен босатынын айтты.

Сондай-ақ, көп ретте сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық азамататардың құқықтық сауаттылықтарының аздығынан болып отыр. Азаматтардың өз құқықтарын білмеулері ниеті жаман адамдардың осыны өздерінің алаяқтық мақсаттарына пайдаланып, осыдан баюға мүмкіндік береді.

 

Мөлдір және ашық оқу орны

Мақсаты: Қызметі ашықтық ен мөлдірлік қағидаттарына толық сәйкес келетін оқу орындарының санын ұлғайту

Міндеттер:    

1) Білім беру ұйымдарының бизнес процестерін автоматтандыру және оңтайландыру

2) Білім беру ұйымдарының шешім қабылдаудағы ашықтығы мен мөлдірлігі

3) Білім беру ұйымдарының бюджеттерін қалыптастыру мен жұмсаудағы ашықтығы мен мөлдірлігі.

  1. Негізгі проблемаларды талдау. Басқару шешімдерін тұжырымдау мен қабылдау бұрынғыша ең жабық тақырып болып қалып отыр, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелі де жоғары. Сонымен қатар лауазымды тұлғалардың қызмет көрсету кезінде халықпен тікелей байланысы да сыбайлас жемқорлыққа жол ашатындай.

Әрбір оқу орны өз қызметінде көптеген шешімдер қабылдайды. Мысалы, мектептерде баланы мектепке қабылдау, оқушыларды сыныптарға бөлу, білім сапасын бағалау, оқытушыларды жұмысқа қабылдау және олардың арасында сағаттар бөлу, үйге оқуға аудару және т.б. Жоғары оқу орындарында жатақханалардан орын беру, тегін оқуға университет грантын бөлу, оқудың басқа түріну ауыстыру (қашықтан, кешкі, сырттай), академиялық демалыс беру, студенттер алмасу бағдарламасы аясында шетелде оқуға стипендия беру және басқалары бойынша шешім қабылданады. Жергілікті атқарушы органлар мен білім саласындағы уәкілетті орган оқу орынарының басшыларын тағайындау, оларыдң арасында гранттар бөлу және т.б. бойынша шешімдер қабылданады. Мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректоры лауазымына қойылатын қолданыстағы талаптар өте төмен екендігін атап өту қажет.

Жекедара қабылданған жағдайда шешімдердің әрбіреуінің сыбайлас жемқорлыққа жол ашар алаң болуы мүмкін, өйткені жекелеген ұлғалардың пайдасына орай және сыйақыға қабылдануы мүмкін.

Сыбайластықты төмендететуде әсерлі шараның бірі автоматтандыру болып табылады, өйткені сыбайлас жемқорлық туындауы мүмкін жағдайларды қысқартады, адам фактор мен байланысты болдырмайды. Мысалы, көзделген реттемелердің орындалуын автоматты түрде бақылау үшін атттестация нәтижелерін ақпараттық технологиялар көмегімен дереу БҒМ-ге жіберу осы тектес сыбайлас жемқорлық көріністерінің мүмкіндіктерін азайтуға жол ашар еді.

Алайда БҒМде қолданыстағы ақпараттық жүйелер – «НОБД», «ЕСУВО», «ИАСУД ПНФО» өнеркәсіптік пайдалануға енгізілмеген және сыбайлас жемқорлықты ескертуде тиісінше пайдаланылмай отыр.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің деректері бойынша, 2017 жлы Қазақстанда 470 мың студент бар, олардың 131 мыңы Алматы қаласында оқиды. «НұрОтан» билік партиясының жастар қанаты – «Жас Отанның» деректері бойынша – Алматыда 30 мың орындық 94 студенттер жатақханасы жұмыс істейді, бұл қаладағы төрт студенттің біреуіне ғана жатақхана тиетінін білдіреді. Мұндай жағдайда жоғары оқу орны қызметкерлерінің жекелеген тұлғаларға басымдық беру мүмкіндігі бар.

  1. Шешу жолдары. Барлық типтегі оқу орындарының бизнес-процестеріне талдау жүргізу, олар қабылдайтын барлық шешімдер тізбесін қалыптастыру және оқу орнының әрбір шешімі бойынша мөлдірлікті қамтамасыз ету бойынша мөлдірлікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар тұжырымдау, қоғамдық бақылау институтын енгізу, алқалы органдар құру, деректердің ашықтығын және басқа тетіктерді қамтамасыз ету керек. Мысалы, оқушылар мен студенттерден емтихан қабылдау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін емтихан алушыны шифрлау арқылы беймәлім етуді енгізу, сондай-ақ оқытушылардың оқыту мен емтихан қабылдау функцияларының арасын ажырату арқылы төмендетуге болады.
  2. БҒМ-ның қолданыстағы және жаңадан жасалатын ақпараттық жүйелерін, әкімдіктердің білім басқармаларын электронды үкімет шлюзымен интеграциялау қажет. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қолданыстағы ақпараттық жүйелерді пайдалану бойынша шараларды пысықтау және шаралар қолдану қажет.

Ұлттық жоғары оқу орынлары ректорларының халықпен есепті кездесулерінің тиімділігін арттыру мақсатында осы кездесулерде міндетті түрде жариялануы тиіс типтік сұрақтардың тізбесін бекіту, сондай-ақ осы құралды оларыдң мәртебесі мен түріне қарамастан  елдің барлық жоғары оқу орны мен колледждеріне тарату ұсынылады.

 

Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама

Мақсаты: Білім беру саласын реттейтін заңнамалардағы жанжалдар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою

Міндеттері:1) Заңнамалық және заңға бағынышты заңнамалардағы жанжалдар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау

2) Заң жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы

3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет аясында ең озық халықаралық тәжірибелерді енгізу

  1. Негізгі мәселелерді талдау. Салалық заңдардың жетілмегендігі сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі және ең маңызды фактор болып табылады. Қазіргі Қазақстан заңнамасының, оның ішінде білім беру саласындағы нормалары құқытық қолдану жағдайында сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндіктер туғызады, себебі құқықтық кемшіліктер, қақтығыстар, дискрециялық өкілеттіктер сыбайлас жемқорлықтың орын алуына жағдай жасайтын олқылықтар кездеседі.

Азаматтар, әдетте, құқықтанудың егжей-тегжейін толық түсінбейді, сондықтан мұндай заңдардың ережелерін дұрыс түсіну және түсіндіру қиындық туғызады.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – ҚР БҒМ) қызметін жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауы осындай нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттік қызмет стандарттары мен нормативтерінің сәйкес келмеуі сияқты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады;  Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарында оларды беруден бас тарту үшiн негiздердiң тiзбесiнің болмауы; Мемлекеттік қызмет регламентінде (әрекеттерінде) рәсімдердің жоқтығы; конкурстық комиссиялардың қызметін құқықтық реттеудің жоқтығы; өздерінің ішкі актілерімен бекітілген оқу орындарының регламентінде бекітілген, бос лауазымға үміткерлерді іріктеу кезінде конкурстық рәсімдерді өткізуді жиі алып тастайтын кадрлық саясатты жүзеге асыруда бірінші басшылардың қалауы бойынша өкілеттіктері; мемлекеттік орта білім беру мекемелер басшыларының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселелерін құқықтық реттеудегі құқықтық кемшіліктер мен қақтығыстардың орын алуы.

Мысалы, Білім және Ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпанындағы № 57 «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары басшыларын конкурстық ауыстыру ережесін бекіту туралы» (әрі қарай – Ереже) бұйрығына сәйкес, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық негізде ауыстыру екі негіз болған жағдайда ғана білім беру басқармасы органдарымен жүзеге асырылады: (1) егер орта білім беру мекемесі директорын қызметінің орны бос болған жағдайда және (2) осы лауазымда өз қызметін бес жыл сайын жүзеге асырғаннан кейінгі басшылық жұмысын атқарған болса. Сонымен қатар, конкурстық ауыстыруды жүзеге асырудың екінші негізі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 2-тармағына қайшы келеді (осы ережеге сәйкес конкурс бос лауызымы бар  мемлекеттік мекеме, мемлекеттік кәсіпорындар жүргізеді).

Ережеде жарыстың нәтижелерін қорытындылау рәсімі қарастырылмаған, бұл елеулі заңдық олқылық болып табылады. Сұхбаттасу рәсімі байқау тәртібінің бір бөлігі ретінде құқықтық және әдістемелік тұрғыдан жеткілікті дәрежеде реттелмеген.

Бұдан басқа, Ереженің 19-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын ауыстыру туралы кандидаттарға қойылатын талаптар Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген «Оқытушылар мен тең құқықты тұлғалардың біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.

Сондай-ақ, комиссия мүшелерінің өкілеттік мерзімдері, оларды іріктеу немесе тағайындау кезіндегі комиссия мүшелеріне қойылатын өлшемшарттар мен талаптар ережелерімен бекітілмеген; белгілі бір мерзімде комиссиялық құрамын ауыстыру немесе қайта қарау тәртібі; ашық немесе жабық (дауыс беру арқылы) комиссия мүшелерінің түпкілікті шешім қабылдау нысандарын белгілеу ережесі; сұхбаттасу мен шешім қабылдау процесінде олардың қатысуымен конкурс комиссиясының мүшелеріне қатысты талаптар мен бағалау өлшемдері сыбайлас жемқорлықты да жоққа шығармайтын субъективті шешім қабылдау үшін жағдайлар жасайды; байқау комиссиясының дәлелденген заңсыз, субъективті шешімдерін дәлелдеу, аппеляция мен шағым түсіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды әрекет болып табылатын сұхбаттасудың видео/аудио жазбаларын тіркеу қарастырылмаған.

Құқықтық олқылықтардың басқа да үлгілері – Жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамының лауазымдарын конкурстық негізде ауыстыру ережелері. Мұнда байқау комиссиясының шешімдері мен аппеляциялық (шағым жасау) процедуралары бекітілмеген, мұндай процедураларды өткізу үшін негіздемелер жазылмаған, соның ішінде Ережелердің, басқа да ішкі актілердің талаптарымен, сондай-ақ ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасымен талап етілген үміткерлердің құқықтары мен заңды мүдделері анық бұзылғандығы анықталған жағдайда. Бұл олқылық ведостволық бағынышты ұйымдар қызметкерлері жағынан, сонымен қатар конкурстық комиссия тарапынан жасалған заңсыз және заңнан тыс әрекеттеріне шағымдану  лауазымға үміттенушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін айтарлықтай шектейді.

ҚР БжҒМ бұйрығымен 2011 жылғы 31 наурызында бекітілген №126 «Диссертациялық кеңес туралы типтік Ережесін бекіту туралы» Диссертациялық кеңес туралы Ережеде (бұдан әрі – Ереже) қайшылықтар кездеседі.

Осылайша, Нұсқаулықтың 13-тармағына сәйкес, диссертациялық кеңес құжаттарды қабылдағаннан күннен бастап 10 (он) жұмыс күннен кешіктірмей диссертацияны қорғау күнін анықтайды. Бұл ретте, қорғау туралы құжаттарды қабылдаған күнінен бастап диссертацияны қорғау мерзімдерін жеделдетуге байланысты Регламентпен белгіленбеген тәуекелдер тудыруы мүмкін .

Аталған Ереженің 14-тармағына сәйкес диссертациялық кеңестің құрамынан пікір білдірушінің рұқсат етілуі, объективтік пен тәуелсіздік қағидаттарына қайшы келіп, мүдделер қақтығысын тудырады.

Ереженің 20-тармағына сәйкес, докторлық диссертация қорғалғаннан кейін ғалым хатшы 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Комитетке жіберілетін докторанттың аттестациялық жұмысын құрастырады. Белгіленген мерзім өткеннен кейін аттестациялық іс қарауға қабылданбайды.

Қабылдаудан негіздемесіз бас тарту Ережесінің қазіргі нұсқасы сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын тудырады.

Ереженің 15-тармағына сәйкес диссертациялық кеңес университеттің интернет-ресурстарына докторанттардың қорғаулары мен кеңестің қызметі туралы ақпараттарды, соның ішінде қорғаудың бейнежазбасын 5 ай аралығында орналастырады.

Алайда, бұл алдын алу шарасы жоғары оқу орындарымен толығымен орындалмайды. Осылайша, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қызметін талдау барысында 2017 жылғы 83 диссертациялық қорғау жұмыстарының 23-де диссертациялардың бейнежазбалары болмаған (2017 жылғы 21 қарашадағы ВКС іріктеп тексеру нәтижесі бойынша, бейнематериалдардың саны уақыт талабы бойынша көбеюі мүмкін).

Сонымен қатар, сараптамалық қорытынды материалдарында Сараптамалық кеңестің мүшелері бейнежазбаның толық нұсқасының берілмеу фактілері көрсетіледі (докторанттың қорғау стенограммасында жауаптарының жоқтығы дәлелденеді).

Ережеде мұндай тәртіп бұзушылық диссертациялық кеңес мүшелерінің дербес жауапкершілігі туралы нормалардың жоқтығынан туындайды, бұл сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік беруі ықтимал.

  1. Шешу жолдары. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін нормативтік құқықтық актілерді, олардың пайда болуымен байланысты жағдайлар мен себептерді үнемі талдау. Талдау жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, заңды кемшіліктерді, дискрециялық өкілеттіктердің, мүдделер жанжалдарының болуында әкімшілік кедергілердің пайда болуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық тәжірибені зерделеу, Қазақстанның жағдайына қолайлы ең үздік тәжірибелерді қабылдауға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау, олардың таралу деңгейі нормативтік құқықтық актілердегі кемшіліктерді анықтауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесінде құқық қорғау тәжірибесін жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлеуге көмектеседі.