ЖАС ОТАН

ОҚМПУ «ЖАС ОТАН»  Жастар Қанаты

Мақсаты:

Жастар арасында мемлекет басшысы және «Нұр Отан» партиясының саясатын қолдаушылар қатарын арттыру.

 

Мүсілім Өстемір Азретханұлы 1999жылы ақпан айының 6-жұлдызында Шымкент қаласында дүниеге келген. 2016-2017 оқу жылында ОҚМПИ-ға физика-математика факультеті, математика мамандығы 109-16 тобына оқуға қабылданды. Белсенді студент! Саяси сауаттылығы жоғары! Студенттер (бакалавриат, магистратура) арасында қалалық, облыстық деңгейдегі пікірсайыс ойындарының жеңімпазы!

   Қазіргі таңда ОҚМПУ "Жас Отан"ЖҚ-ның төрағасы!

.

Сіз біз арқылы:

  • Жаңа және сенімді достар таба аласыз;
  • Мәдени және кәсіби деңгейіңізді көтере аласыз
  • Сөйлеу, ортада өзінізді ұстау мәдениетіне уйрене аласыз;
  • Елімізде патриотизмді дамытуға үлесіңізді қоса аласыз;
  • Студенттік өміріңізді қызықты да, ерекше өткізе аласыз;
  • Өмірлік және болашақ жұмысыңызға практика жинай аласыз;
  • Оқу орныңыздың атын шығаруға үлесіңізді коса аласыз.

 

“Жас Отан ” ЖҚ мақсаты:

 

  • “Жас Отан ” ЖҚ-ның мақсаты – Қазақстан Республикасы жастарының жан-жақты дамуы мен олардың зияткерлік және нақты әлеуетін, әлеуметтік мәртебесі мен экономикалық жағдайын, саяси, құқықтық, экологиялық және мәдениетін арттыру үшін әлеуметтік- экономикалық, саяси және басқа да жағдайлар жасау;
  • “Жас Отан ” ЖҚ - “Нұр Отан ” партиясының саясатын белсенді жүргізуші жастар арасында оның қызметі мемлекет басшысының және «Нұр Отан» партиясының жастар арасында саясатын қолдаушыларды қалыптастыруға бағытталған;
  • Қалыптасқан мемлекеттің берік іргетасын орната отырып, алдағы кезде де халқымыздың бірлігі мен келісімін нығайту;
  • Біздің өзекті мақсатымыз – орнықты экономика мен қоғамдық-саяси тұрақтылықтың арқауы болып табылатын қуатты орта тапты қалыптастыру.

«Жас Отан» ЖҚ-ның міндеттері:

  • Жастар ұйымдарымен және басқа елдердің азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық орнатып, тиісті келісімдер жасау;
  • ҚР парламенті депутаттығына, жергілікті және өзін-өзі басқару органдарына кандидаттарды ұсыну;
  • Республикада қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессия аралық келісімді қолдауға және нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізу және оларға қатысу;
  • Қызметі «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» ЖҚ-ның бағдарламалық құжаттарын, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететін барлық жастар ұйымдарымен ынтымақтастық жасау;
  • Жастар бағдарламаларын, жастар саясаты саласындағы әлеуметтік маңызды жобаларды әзірлеуге, қаыблдауға, бекітуге және оларды іске асыруға белсенді қатысу;
  • Еліміздегі жастардың мәдени-бұқаралық, спорт, қайырымдылық және балалар-жасөспірімдер және жастар қозғалыстарын дамытуға бағытталған басқа да іс-шараларды ұйымдастыру;

«Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» ЖҚ қызметінің түрлі бағыттары бойынша үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға қатысу.