Ұлы даланың дарынды жастары

Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк педагогикалық университетінде ұлы ақын Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай «Ұлы даланың дарынды жастары» атты тақырыпта поэзия байқауы өтті. Оны ұйымдастыруға педагогика-гуманитарлық факультеті мұрындық болды. Жыр сайысына факультетке қарасты әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, дефектология, педагогика және психология, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, тарих-дінтану мамандықтарының студенттері қатысты. Олар алғашқы кезеңде Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша композиция, сахналық көріністер көрсетсе, «Ұлы даланың дарынды жастары» деп аталаған екінші кезеңде Ұлы Абай өлеңдерін жатқа айтып жарысты. Үздік студенттер «Жастар жылы төсбелгісімен», өнерлі студенттер мадақтама және алғыс хатпен марапатталды.