Болашақ ПК

 

«Болашақ» ПК төрағасы Абдыхалық Орынбасар

 

«Болашақ» ПК - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ішінен құрылған пікірсайыс клубы. Мұнда студент жастарды белсенді болуға шақырады. Саяси жаңалықтардан хабар бере отырып, оған деген студенттердің көзқарасын қалыптастырып, ораторлық қасиетті дамытуға жағдай жасайды. "Болашақ" ПК - оқу ордамыздағы жастардың интеллектуалдығын дамытуға үлесін қосып келе жатқан ораторлық қабілеттерді дамытуға өз септігін тигізіп жүрген бірден-бір ұйым.

Пікірсайыс тарихы: Біз білетін қазіргі "Болашақ" пікірсайыс клубы алғашында "Жасын" деп аталған. Алдыңғы аға буын Досхан, Қанат, Абылай сынды ағалардың ісін жалғастырып 2012 жылы Алдангаров Жүсіп, Мұса Жантөре, Байбатша Раман, Ташкенбай Бекзат сияқты жас белсенді студенттердің арқасында пікірсайыс клубы қайта жаңғырды. Күн өткен сайын қатарлары толығып, өз ойын білдіруге ұмтылған жастардың саны көбейе түсті.  Қазіргі таңда, облыста ойып тұрып алатын орны бар пікірсайыс клубы. Құрамында 30-ға тарта студент жастар бар.

Мақсаты: Студент жастардың интеллектуалдық қабілеттіліктерін арттыру; ораторлық қабілеттерін қалыптастырып, дамытуға өз септігін тигізу; жастарды белсенділікке шақыру.