Өмірбаян

Сугірбаева Гүлжан Даұлетбекқызы 1964 жылы 21  қарашада  Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгір қаласында мемлекеттік қызметкер жанұясында дүниеге келген.

1982 жылы Ленгір қаласындағы В. Комаров атындағы орта мектепті алтын медальмен бітірген. 1982-1987 жылдары Шымкент мемлекеттік педагогика институтының тарих және педагогика факультетінде оқып, үздік дипломмен бітірді.

1987-1994 жылдары Шымкент қаласының №41 орта мектепте пионер ұйымының жетекшесі, №29 орта мектепте тарих пәнінің мүгалімі ретінде еңбек етті. 1994-1995 жылдары Шымкент педагогика институтының Жалпы тарих кафедрасының оқытушы болып жұмыс істеді.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының аспирантурасына түсіп, 2000 жылы “Узбекское население Казахстана в 20-30-е годы ХХ века: проблемы истории и культуры” тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

2000-2002 жылдар аралығында  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институты Бүкіләлем тарихы кафедрасының оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқардым. 2002-2010 жылдары аталған кафедраның меңгерушісі болды. 2010-2011 оқу жылында Академиялық инновациялық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасында доцент қызметін атқарды. 2012-2013 оқу жылында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Археология және этнология кафедрасында доцент қызметінде жұмыс істеді.

2013 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Қазақстан және әлем тарихы кафедрасының доцент қызметінде жұмыс атқарды. 2014 -2016 жылдар аралығында аталған кафедраның меңгерушісі қызметін атқардым. 2016-2018 жылдары Ғылыми-зерттеу бағдарламалардың сараптау бөлімінің басшысы, 2018 жылдан бастап Менеджмент және мониторинг бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2004-2005 жылдары Ресей ғалымдарымен бірге орта мектеп оқушыларына арналған орыс және қазақ тілінде “Қазіргі заман тарихы” және “ХХ ғасырдағы әлем” атты оқулықтарды шығардым. 2010 жылы Жоғары оқу орнының “Үздік оқытушысы” атағына ие болдым. 2015ж. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталып, 2017 ж. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің Алғыс хатымен, 2018 ж. Түркістан облысының маслихатының Алғыс хатымен марапатталды.