ОҚМПИ «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен ұстаздар және қарттар күні мерекесіне орай қаладағы қарт кісілердің жағдайын сұрап көмек көрсету жүргізілді. Сондай ақ институт көлемінде ұйымдастырылған іс-шараларға белсене қатысты.

"Ардагерлерді ардақтайық"

"Жас Отан" ЖҚ ұйымдастыруымен "Ардагерлерді ардақтайық" атты апталық барысында соғыс ардагері Ахупов Боран атанын үйіне барып қайттық.Атанын қал жағдайын біліп, өнегелі әңгімелерін тындап, естелік суреттерге түстік.Қарттарымыз аман болсын!!!

Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт

Физика-математика факультетінің  студенттік деканатының ұйымдастыруымен «Ұстаз аты мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.Мерекелік іс- шараға  "Жаңа технологиялар және өнер" факультетінің өнерлі студенттері атсалысты. Шақырылған ұстаздарға құттықтау сөздері айтылып, гүл шоқтары ұсынылды.

"Дәулет" көп салалы спорт кешенінде факультетаралық эстафета өткізілді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» бағдарламасына сәйкес факультетаралық достық эстафеталық ойындары өткізілді сондай ақ қыркүйек қараша айларында баскетбол  футбол  ойындарынан факультетаралық жарыстар өткізілді

«Жан жылуы» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті.

 Студенттік ректораттың ұйымдастыруымен өткізілген «Жан жылуы» атты қайырымдылық іс-шарасы ОҚО психоневрологиялық орталығында ұйымдастырылды.

Беттер