ОҚМПИ жайдарманшылары ширек финалда үздік өнер көрсетті

« До-ре-ми» және «Сөз сүйетін сұлулар» КТК командаларының ¼ ойындарында үздік өнер көрсетіп финалдық ойындарға жолдама алды. Студенттер оқу орнымыздың атынынан шыққан командалардың аттары жазылған түрлі түсті плакаттармен жанкүйерлік көрсетті.

ОҚМПИ жастары жаңа жолдауды талқылады

30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсу,реформалар,даму» тақырыбындағы Елбасының халыққа жолдауын жастар арасында талқылау мақсатында«ОҚМПИ Студенттер альянсының» ұйымдастыруымен Н.Ә.Назарбаев орталығында қаламыздағы ЖОО ның студенттерінің қатысуымен кездесу болып өтті.

«Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында кездесу.

ОҚМПИ жастары Елбасының студенттік өмірімен танысты. 
 «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының мәжіліс залында «Жас Отан» Жастар қанаты Елбасының Днепродзержинскідегі курстасы Тельман Спаев ағамызбен кездесті. 
Тельман Спаев ағамыз жастарға, Президент тек өз тобында ғана емес, училишедегі ең үздік тәлімгердің бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін, кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісетінін атап өтті. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өткізілді

  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің ұымдастыру-бақылау» бөлімінің бастауымен  жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен  семинар өткізілді.Семинар барысында  демартамент қызметкерлерімен дайындалған арнайы  видеороликтер слайдтар көрсетіліп статистикалық мәліметтер студенттер назырына ұсынылды . Семинарға қатысқан студенттердің қызығушылығы өте жоғары деңгейде болып, сұрақ жауап кезеңінде бірнеше сұрақтар департамент қызметкерлеріне қойылып тиісті жауаптар алынды.

Институт көлемінде жәрмеңке ұйымдастырылды

« Көркем» қыздар клубының ұйымдастыруымен институт көлемінде қайырымдылық бағытта жәрменке өткізілді. Жәрмеңкеге студент қыздардың пісіріп алып келген тағамдары және қол өнер бұйымдары қойылды. Жәрмеңкеден түскен қаржы құжатпен рәсімделіп  аз қамтылған жанұяларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге жұмсалды .

  Жоғарыда аталған іс-шараның қорытындысы ретінде 29.11.15ж  ОҚМПИ «Көркем» қыздар клубының ұйымдастыруымен «Шұғыла» қоғамдық қорымен бірлесіп аз қамтылған жанұяларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағаттылған қайырымдылық іс шарасы өткізілді.

Оқу орнымызда кастинг өткізілді

«I Гранд бал – ЕХРО ны қарсыаламыз» атты облыс көлемінде ОҚМПИ серіктестігімен « Кастинг» жарияланды. Аталған жобаға оқу орнымыздың және өзгеде ЖОО ның 18-29 жас аралығында студент жастары белсене қатысты. Кастингті ұйымдастыруды ОҚМПИ жастар саясаты бөлімінің студенттік ректорат белсенділері жүргізді. Оқу орнымыздың акт залында өткен іс-шараға 500 жас тіркеліп  соның ішінен 100 жас аталған балға қатысуға жолдама алды.

17 қараша Халықаралық студенттер күні аталып өтілді

17 қараша студенттер күніне орай №1 №2 №3 студенттер үйінде студенттік ректораттың  ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама дайындалып ұсынылды және 18 қараша күні студенттер күнімен институт басшылығын  студенттік ректорат мүшелері құттықтады.

Қала күні мерекесіне орай сенбілік өткізілді

Қала күні мерекесіне орай «Біз таза қаламыз» атты дендросаябағында «Жаратылыстану» факультетінің белсенді студенттерінің қатысуымен сенбілік өткізілді.

«Family Day» атты бір күндік фестиваль өтті.

Филология факультетінің студенттік деканы Тұяқбай Парасаттың бастауымен жастардың арасында сенбі күнін шығармашылық күн ретінде қалыптастыру мақсатында әр түрлі интелектуалдық және спорттық ойындар «Family Day» атты бір күндік фестиваль аясында өткізілді.Фестивальға студентік ректорат құрамы толық қатысып,ойындарға төрешілік етті.

Пікір сайыстан турнир өткізілді

ОҚМПИ «Болашақ» пікір сайыс клубының ұйымдастыруымен «Болашақ ұстаз болуға дайынсың ба?» атты институт ішілік пікірсайыс турнирі өтті. Аталған турнирде педагогикалық резалюциялар ойнатылды.

Беттер