Шымкент қаласы әкіміінің "ҮЗДІК ЖАСТАР" байқауының "ҮЗДІК ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ" номинациясын педагогика-гуманитарлық факультетінің 3 курс студенті, студенттік ректор Тасболат Бекдаулет Бейсенбайұлы иеленді! Құттықтаймыз!

Шымкент қаласының "ҮЗДІК ЖАСТАР" премиясында "ҮЗДІК ЖАС СУРЕТШІ" номинациясын ТИШКИНБАЕВ АЛИБЕК иеленді.

Түркістан облысының үздік жастары марапатталды. Оқу ордамыздан "Үздік жас ақын" сыйлығына, 117-26 тобының студенті, жас айтыскер-ақын - Нұрғали Әнапия ие болды. Құттықтаймыз!

Түркістан облысының үздік жастары марапатталды.
Оқу ордамыздан "Үздік жас ақын" сыйлығына, 117-26 тобының студенті, жас айтыскер-ақын - Нұрғали Әнапия ие болды. Құттықтаймыз! 

Ұлттық киімнің қадірі " атты қалалық дизайнерлер арасындағы фестивалі өтті. "Ақбаян" сəн театры ГРАНПРИ иегері болды

11.12.2018. "Көрме орталығында" Шымкент қалалық мəдениет жəне тілдерді дамыту басқармасы мен "Нұр Отан" партиясының қолдауымен " Ұлттық киімнің қадірі " атты қалалық дизайнерлер арасындағы фестивалі өтті. "Ақбаян" сəн театры ГРАНПРИ иегері болды. (Бас жүлде)

Халықаралық дизайнер Еримбетов Марат.
Дефиле жетекшісі Туреханова Макпал.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен ОҚМПУ ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ОҚО, Мақтарал ауданының «Құрметті азаматы», Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Оңалбай Аяшев «Парасат» орденімен наградталды. Білім ордасының ұжымы Оңалбай Аяшұлын марапатымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, отбасына амандық, деніне саулық тілейді.

Анас Балжанат - MISS SHYMKENT 2018 атанды! Оқу ордамыздың 119-17 оқу тобының студенті Анас Балжанат Miss SHYMKENT 2018 сұлулық байқауында бас жүлде иеленді! Құттықтаймыз!

Анас Балжанат - MISS SHYMKENT 2018 атанды!
Оқу ордамыздың 119-17 оқу тобының студенті Анас Балжанат Miss SHYMKENT 2018 сұлулық байқауында бас жүлде иеленді!
Құттықтаймыз! 

БІРЖАН БАЙТУОВ - "Дарын" сыйлығының иегері. Бүгін 2018 жылдың желтоқсан айының 12-жұлдызы күні жоғарғы оқу ордамыздың "Айтыс" үйірмесінің жетекшісі Біржан Байтуов "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды. Құттықтаймыз!

БІРЖАН БАЙТУОВ - "Дарын" сыйлығының иегері.

Бүгін 2018 жылдың желтоқсан айының 12-жұлдызы күні жоғарғы оқу ордамыздың "Айтыс" үйірмесінің жетекшісі Біржан Байтуов "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды. Құттықтаймыз! Университетіміздің дамуына қосқан үлесіңіз бен мәртебелі еңбегіңіз үшін Сізге ризашылығымызды білдіреміз!

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ОҢТҮСТІКТЕГІ СТУДЕНТ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 500 орындық «Студенттер үйінің» жұмысымен танысты. Үкімет басшысы жатақханадағы жатын бөлмелері мен кітапхананы аралап көрді.  

Ғимаратта ғаламторға қосылған оқу және компьютер залы, асхана, медициналық кабинет және жатын орындарының бәрі дерлік жуынатын бөлмемен қамтылған. 2015 жылы пайдалануға берілген нысынның құрылысына 1 158 017 тыс. тенге жұмсалған. Жатақхананың жалпы көлемі 9124 шаршы метрді құрайды.

Беттер