Жаңа пікірді жазу

Жайдарман 26.02.2019 ж

Бүгін "Жұлдызды онкүндіктің" көптен күткен әзіл күні болып, "Факультетаралық" жайдарман сайысы болып өтті.
Жайдарманға барлық факультеттер өздерінің тұщымды, өткір әзілдерімен келіп қатысты.
Жайдарман ойындарының жеңімпаз командасы, чемпион болып "Кәсіптік-шығармашылық" факультетінен шыққан "ЭКСКЛЮЗИВ" командасы болса, 2 орынды "Педагогика-гуманитарлық" факультетінің "Қазақпыз ғой" командасы иеленді. 3 орын "Физика-математика" факультетінің "Бүгіннен баста" командасының еншісіне тиіп отыр. Ал жайдарманның көзайымына айналып, "Үздік ойыншы" атанған жаратылыстану факультетінің намысын қорғап шыққан "МИССТЕР" командасының ойыншысы , 3 курс студенті - Таубай Баян иеленді. Барша қатысқан командаларға алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды құттықтаймыз!