Жаңа пікірді жазу

ОҚМПИ Көшбасшысы анықталды.

21.04.2016 ж Студенттік ректораттың ұйымдастыруымен дәстүрлі факультетаралық "ОҚМПИ Көшбасшысы" интеллектуалды ойыны өткізілді. Алдын ала өткізілген іріктеу турларынан іріктелген жеті үміткер ақтық ойынға жолдама алды. Студенттік ғылыми істер жөніндегі проректордың орынбасарлары атап айтқанда Жұмаділда Дина және Құрманбекова Камшат іс шараның жоғары деңгейде өткізілуіне атсалысты. Көшбасшыны анықтауға төрешілік етуге ғылыми істер жөніндегі проректор Ғ.Исаев мырза және ғылым бөлімінің басшысы Ж.Ибрагимова, жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Ы.Атығаев қатысты.

Тартысты өткен интеллектуалды ойында филология факультетінің 2 курс студенті Тұяқбай парасат ОҚМПИ Көшбасшысы атанды.