Жаңа пікірді жазу

Студенттер зиянды есірткі және тәртіп жөніндегі мамандармен кездесті.

13.04.2016 ж., сағ.15.00 "Есірткінің адам ағзасына зияны және оған қатысты қылмыстардың алдын алу жолдары" атты семинар оқу орнымыздың 317 дәрісханасында 200 студен және 17 профессор оқытушылардың қатысуымен өткізілді. Аталған семинарға арнайы облыстық наркологиялық диспансерінің жоғары санатты дәрігер-наркологы Р.А.Баймұрынова; ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқарма бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Н.О.Абилов ОҚО Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Ж.Ә.Бүркітбаев; ОҚО Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері М.Ж.Құрасбаева қатысты

Семинар барысында студенттерге есрткінің зияндылығы жөнінде бейнероликтер көрсетіліп ақпараттық журналдар таратылды. Студенттер тарапынан мамандаға сұрақтар қойылып тиісті жауаптар берілді.