Қазақстан Республикасы Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму жолдауын талқылауға арналған жастар арасында кездесу өтті

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты Жастар саясаты бөлімінің және Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақсытан халқына жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсім, реформалар, даму жолдауын талқылау мақсатында кездесу өтті.

Облыстың пікірсайысшылары ОҚМПИ -да бас қосты.

ОҚМПИ "БОЛАШАҚ" пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен 14.05.2016 жылы бас ғимаратымызда облыс пікірсайысшыларының басын қосқан "Болашақ CUP III" атты дәстүрлі турнир өткізілді. Турнирге ЖОО үміткер ретінде 15 команда қатысты. Сайыс барысында жеребе тартылып қарсылас командалар анықталды сондай-ақ студенттік ректораттың ұйымдастыруымен қонақтарға арналған арнайы фуршет, концерттік бағдарлама дайындалды.

"Бірлік біздің қасиетті туымыз"

1 мамыр Қазақстан Халықтарының достығы күніне орай "Тарих және педагогика" факультетінің студенттік деканатының ұйымдастыруымен факультетаралық кіші футболдан жарыс өткізілді. Жарысқа 6 факультеттің командалары қатысып жеңімпаздар анықталды.

Тәуелсіздікті бейнелейміз

ОҚМПИ Студенттер Альянсының ұйымдастыруымен "Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойына орай" аталған ұйымның мүшелерінің қатысуымен "Дәулет" көп салалы спорт кешенінде флешмоб биі ұйымдастырылды және "Тәуелсіздікті бейнелейміз" тақырыбында "25" санын студенттермен алаң төріне бейнеледі.

Ұлы Дала ойындары

29.04.16 ж Күні ОҚМПИ "Жас Отан" ЖҚ ұйымдастыруымен ЖОО арасында "Ұлы Дала ойындары" тақырыбында ұлттық тоғызқұмалақтан жарыс өткізілді.Жарыс шарты бойынша қыздар және ұлдар арасында жекелей ойнатылды. Әр ЖОО-нан 1 қыз,1ұл қатысты жарыс қортындысы бойынша:
Ұлдар арасында
1-орын Құдайберген Нұржан (М. Сапарбаев)
2-орын Ізмахан Зәкерия (ОҚМПИ)
3-орын Алтынсарин Мадина (ОҚМФА)
қыздар арасында
1-орын Диханбай Айгерім (М.Сапарбаев)
2-орын Темірхан Алтынай (ОҚМФА)
3-орын Кубетаева Айдана (ОҚМПИ)

ОҚМПИ Көшбасшысы анықталды.

21.04.2016 ж Студенттік ректораттың ұйымдастыруымен дәстүрлі факультетаралық "ОҚМПИ Көшбасшысы" интеллектуалды ойыны өткізілді. Алдын ала өткізілген іріктеу турларынан іріктелген жеті үміткер ақтық ойынға жолдама алды. Студенттік ғылыми істер жөніндегі проректордың орынбасарлары атап айтқанда Жұмаділда Дина және Құрманбекова Камшат іс шараның жоғары деңгейде өткізілуіне атсалысты. Көшбасшыны анықтауға төрешілік етуге ғылыми істер жөніндегі проректор Ғ.Исаев мырза және ғылым бөлімінің басшысы Ж.Ибрагимова, жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Ы.Атығаев қатысты.

"КӨРКЕМ" қыздар клубы облыстық "Жастар ресурстық орталығы" КММ мен бірлесіп жиын өткізді.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасынң "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің және ОҚМПИ "Көркем" қыздар клубының ұйымдастыруымен "Жастар мен жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің және аутодиструктивті оқиғалардың алдын алу" тақырыбында семинар - тренинг ұйымдастырылды. Жастар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, жасанды түсік жасауды болдырмау, аналық жауапкершілікті ұғындыру сияқты өзекті мәселелер семинардың басты  мақсаты ретінде студенттерге түсіндірілді.

Студенттер зиянды есірткі және тәртіп жөніндегі мамандармен кездесті.

13.04.2016 ж., сағ.15.00 "Есірткінің адам ағзасына зияны және оған қатысты қылмыстардың алдын алу жолдары" атты семинар оқу орнымыздың 317 дәрісханасында 200 студен және 17 профессор оқытушылардың қатысуымен өткізілді.

Таза қала акциясы өткізілді

07.04.2016 ж. Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қаланың экологиялық әрі эстетикалық  келбетін көрікті ұстауға қатысты әлеуметтік іс-шараларға үнемі белсене қатысқаны, жастардың елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға айрықша үлес қосқаны үшін ОҚМПИ Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Ырысалды Қанатұлы Атығаев «Белсенді жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы» номинациясымен марапатталды.

Үздік спикер

Халықаралық бизнес университетінің президенті Кенжеғали Сағадиевтың құрметіне арналған VI республикалық пікірсайыс турнирінде ОҚМПИ «БОЛАШАҚ» пікірсайыс клубының мүшесі 121-15 тобының студенті Тұрар Динараны «ҮЗДІК СПИКЕР» ЛД форматы бойынша бас жүлдені иеленуімен құттықтаймыз!

Зор денсаулық, оқуда табыс, бақ-береке тілейміз!

Беттер